ми қабығының астына орналасқан осы орталық денедегі барлық рецепторларды ми қабығымен байланыстырады, ал мұндағы көру төмпешігі афференттік талшықтардың жиынтығы болып табылады. Мидағы осы орталық, оның төменгі бөліктеріне (жұлын т.б.) басшылық ету үрдістерінің жұмысын реттестіріп отырады. Ми қызметінің белсенділігін арттыру не төмендету, оған баратын импульстерді іріктеп, електен өткізу де осы бөлімнің қызметі. Оны миды энергиямен қамтамасыз ететін аккумулятор не басқару пульті деуге болады. Ретикулярлық формацияға миды қажетті энергиямен қамтамасыз етіп тұру жағы жүктелген. Мәселен, адам күрделі ой әрекетімен айналысқанда оның миына біраз энергия қажет болады. Мұндайда мидың осы бөлігінің жұмыс қабілеті арта түседі. Аталмыш жүйке орталығы эмоция, ерік үрдістерін басқаруда, сондай-ақ адамды ширатып, зейінін арттыра түсуде елеулі роль атқарады.