РЕВОЛЮЦИЯ

lat: REVOLÚSIaÁ

ранц. revolution] з а т. Төңкеріс (Дәурені өткен қоғамдық және саяси құрылысты жоюға және жаңа прогрестік қоғам орнатуға әкеліп жеткізетін, түбірлі өзгеріс жасауға ұмтылатын қарулы көтеріліс).

Революция толқынымен оянған ақкөңіл, ару жұрт жаңа тіршілік жасау жолында малын да, басын да, дүниесін де аяп қалған жоқ (Біздің Мұхтар).

Барсам, оның ашық салонында қартаңдау келген бір адам революцияның қалай болғанын, Қазақ республикасының қалай құрылғанын жиналған адам тобына әңгімелеп айтып отыр екен (Біздің Мұхтар).

1917 жылы Ақпан р е в о лю циясы жеңіске жетісімен, қазақтың үлттық қозғалысы басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы жалпы Уақытша үкіметтің және оның саяси тірегі болып отырған кадеттер партиясының ел басқарудағы бағытына қарсы келген жоқ («Жалын»).

2. а у ы с. Прогрессивті дамуға ықпал жасайтын әрекет. Мәдени революция. Әдебиет пен өнердегі рухани құндылықтарды танып, бағалаудағы жаңашылдық, айрықша өзгешелік. Сөйтіп, мәдениреволюция, коммуналасу, үлкен секіру, ашылып-сайрау, т.б. саяси науқандар тұсындағы халық басына төнген лаңдар көзден таса, көңілден ұмыт болып ала берді («Жалын»).