lat: REZERV
[лат. reservare] з а т. 1. Заттардың қоры; шығатын жері, қайнар көзі.
Оларда 70 мың адам еңбек етеді. Бұлар пайдамен жұмыс істеудің жаңа резервтерін тауып, жүкті тасымалдау мен қаржы жинаудың үстіміздегі жылдың жоспарлы тапсырмасын ұлғайтып, рентабельді жұмыс істейді («Соц. Қаз.»).
Мұның бәрі айтар ауызға ғана оңай көрінгенімен, толассыз қыруар еңбектің, өндірістік резерв көзін іздеп тауып, іске қосудың жемісі (Бал дәурен).
2. ә с к. Запастағы әскер, әскери адам. Жау Днепрдің оң жағалауындағы өзінің резервте тұрған әскерін сол жақ жағалауға ауыстырып, топтастыра бастаған болатын (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).