РЕЗИДЕНТ

lat: REZIDENT

ат. residens] з а т. д и п л. Белгілі бір елде тұрақты орналасқан шетелдік дипломатиялық уәкіл.

Персия мен Ауғанстанда ағылшын резиденттері отырып, олардың Орта Азия халықтарында көптеген агенттері болады (ҚазССР тарихы).

Империалистік мемлекеттердің отар елдің үкіметі жанындағы өкілін де резидент деп атайды (Саяси сөздік).