РИМ КЛУБЫ

lat: RIM KLÝBY

1968 ж. Римде батыстық ғалымдардың бастамасымен құрылған халықаралық үкіметтік емес ұйым. 100-дей атақты әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің, Еуропа, Азия, Америка капиталистік елдерінің іскер топтары өкілдерінің басын қосады. Олардың барлығы да Рим клубына жеке тұлға ретінде қатысады. Басым бөлігінде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді зерттейтін ірі көлемді жобаларды жүзеге асыруды мақсат тұтады.