lat: RISALAT
(ар. рисалат رسالة) – борыш, пайғамбарлық міндет.
Пайғамбарлық рисалат нұрын көріп, Қайран болып Жүсіпке тұрды сұлу («Жүсіп-Зылиха». Ғашықнаме, 1976).
Әмма рисалат жылдары Пайғамбардың тамам болды, Мұхаммед Хабибулла дүния салды («Ғазауат сұлтан». Бабалар сөзі. 13-том. 2005. 100 томдық).
Ғаламға сенің атың мәшһүр болар, Көрерсіз пайғамбарлық рисалатын («Қисса хазірет Жүсіп аләйһиссалам илән Зылиханың мәселесі». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).
Рисалат құтты болсын басыңызға, Өлгенше мен жолдаспын қасыңызға («Жүсіп-Зылиха». Ғашықнаме, 1976).