lat: ROKOKO
[франц. готосо] зат.сәулет. Тастар мен қабыршақтардан жасалған өрнек,
Францияда 18 г. 20-40 жж. ақсүйек дворяндар арасындағы көркем стиль. 19 ғ. ортасына дейін бұл стильді «Людовик 15-нің стилі» деп атап келді, ал рококо терминін алғаш рет швейцариялық мәдениеттанушы Я.Буроскардт пен оның шәкірттері қолданды (Мәдени-филос. энц. сөздік).
Рококо стилі архитектурада, мүсін өнерінде, живописьте, зергерлік бұйымдарда, керамикада кең таралды. Рококо архитектурасы - жасыл бақ арасында аристократияның әсем жеке үйі (Мәдени-филос. энц. сөздік).