lat: ROL
[франц. role] зат. Рөл.
1. Актердің театрда ойнайтын әдеби образы.
Қолқалай келгендері мен болып шықтым: Сырым ролін ойнайтын, өлең айтатын, әнші бала өз арасынан табылмапты (Біздің Мұхтар).
2. ауыс. Маңыз, мән.
Қашан да, қандай әдебиеттің болсын өркендеп даму жолында баспасөз орындарының ролі зор екені өзінен-өзі белгілі (XX ғ. қаз. ақын.).
Иө, Қаныш Имантайұлын тек бір ғана рольде ғылым басшысы ролінде тануға болар еді (Қаныш аға).