(исп. romance, лат. romanica – роман тілінде орындалған) – яғни роман тілдерінде айтылатын дәстүрмен әнге қосып айтуға лайық лирикалық өлең. Жеке дауыспен айтылатын ән-өлең, немесе скрипка, фортепьяна секілді музыкалық аспапқа арналған әуенді шағын шығарма. Романс деген атаудың өзі алғаш роман тілді елдерде қалыптасқан. Оның латын кітаби тілінен айырмашылығы – бұл халықтың әуен-мақамдағы өлең деген мағынаны білдіреді. Романс терминінің мағынасы ғасырлар бойы өзгеріп, ауысып отырды. Мыс: Испанияда алғаш рет романс деген атау маврларға қарсы ұлттық күресті жырлайтын эпикалық туынды ретінде көрінді. Ағылшын поэзиясында Р. деп көлемді рыцарлық поэманы атады. Францияда махаббат жайлы әндер осылай аталды. Осы мағынада бұл термин орыс әдебиетінде 19 ғдан бастап орныға бастады. А. С. Пушкин, М. Ю. Лермонтов, Н. Некрасов, Я.Полонский, А. Блок, С, Есенин, Ф. Тютчев поэзиясында Романстың алатын орны үлкен. Абайдың «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын» атты өлеңі романс үлгісіне келеді. Романстың өзіндік сипаты мынадай: сөз кестесі әуезді әнге салуға мейлінше икемді (сәйкес) шығады, сөйлемдердің құрылыс-жүйесі қарапайым әрі ықшамды келеді, әр тармақтың ішіндегі сөйлемнің өзіндік тиянақты оймағынасы болып, бір ойды аяқтап тұрады. Совет дәуірінде қазақ поэзиясы мен музыкасында туған романс түріне сәйкес келстін әнге лайық өлеңдер мен әнроманстар аз емес. Абайдың «Жарқ етпес қара көңілім»« «Татьяна хаты» атты өлеңдеріне шығарған композитор С. Мұқаметжановтын, ән романстары көпшілікке белгілі. Ысмақова А.