РОМАНС

lat: ROMANS

[франц. romance] зат.муз. Жеке дауысқа не жеке аспапқа арналып жазылған әннен гөрі күрделі, шағын лирикалық музыкалық шығарма.

Ол кей уақыттарда орыстың сұлу назды романстарын тартады (М.Әуезов, Шығ.).

Қазір әйгілі әншінің репертуарында 600- ге тарта өн, ария, романс бар екенін айтсақ та жеткілікті («Мәдениет және тұрмыс»).

Абай шығарған әндер мен романстарды бүкіл қазақ даласы жырлады (І.Омаров, Серпін).

Романстың өзіндік сипаты мынадай: сөз кестесі әуезді әнге салуға мейлінше икемді (сәйкес) шығады, сөйлемдердің құрылыс-жүйесі қарапайым әрі ықшамды келеді, өр тармақтың ішіндегі сөйлемнің өзіндік тиянақты ой-мағынасы болып, бір ойды аяқтап тұрады (Әдебиеттану термин. сөзд.).