РОТА

lat: ROTA

[польск. rota] зат.әск. Жаяу әскер, танк, механиқаландырылған, инженерлік, байланыс т.б. бөлімдердегі негізгі әскери бөлімше.

Қуанның ротасына Даугава өзенінен сыбдыр-сыбыссыз түн жамылып өту тапсырылды (М.Сүндетов, Бесқонақ).

- Жолдас дәрігер, мен ротама барайын, - дедім (М.Ғабдуллин, Ел намысы.).

Мәлік саяси жетекші болып қызмет атқарған рота өзеннің шығыс жақ қабағында взвод-взвод болып қанат жая орналасқан-ды (Қазақтар хақында).