РОТОРЛЫ

lat: ROTORLY

сын.тех. Роторы бар (мәшине).

Бізде Совет Одағының басқа жерінде жоқ, тек бізде ғана істейтін роторлы экскаваторлар бар (Жарық жұлдыздар).

Қазір жерасты суларын бұрғылаудың роторлы тәсілі қолданылып жүр («Білім және еңбек»).

Соған орай роторлы экскаваторлар құрастыру, жылдық өндірістік қуаты 56 миллион тонналық разрездер, қуаты 4-5 миллион квт ГРЭС-тер салу міндеті тұрған-ды (Д.Қонаев, Өтті дәурен.).