РҰҚСАТ

lat: RUQSAT

ар. зат. Бір тараптан екінші тарапқа берілетін құптаушылық, келісім.

Қақпаның ар жағынан біреу келді,

Күзетшісі сол екен, дыбыс берді.

– Қақпаны саған ашар рұқсат жоқ, Бұл – Құдайға бастайтын қақпа, – деді (Абай, Тол. жин.).

2, 3 һәм 8-нші ауылдың қазақтары уақ қарыз серіктігін ашуға рұқсат алып, серіктікке «Қой-айдаровский» деп есім берілген, Инспектор осы уақ қарыз серіктігін ашуға келген еді (М.Дулатов, Шығ.).

Оязданрұқсат ап Балуан Шолақ тысқа шықты (С.Мұқанов, Шығ.).

Қыз айтты: «Енді сенде менің еркім,

Жан-тәнім, жолыңызға болсын көркім.

Бірінші сізден бұрын жолығысуға,

Бар еді бір жігітке берген сертім,

Рұқсат сіз ден егер болған болса,

Шығарып хош айтайын соның дертін» (Ә.Найманбаев, Шығ.).