lat: RUQSATSYZ
үст. Құптаусыз, келісімсіз, рұқсат сұрамай.
Абайдың үстіне екі егде адам рұқсатсыз, хабарсыз кірді (М.Әуезов, Абай жолы).
Жұмақтан шығып дүнияға
Атамыз келген әуелден
Рұқсатсыз Алладан
Жалғыз бидай жеген соң.
Сұңқардың жайын халық білмес
Мен пәлен, мен дегенмен (Кердері Әбубәкір, Қазағым).
Қыз айтты: «Болатұғын батыр өктем,
Қате бар біразырақ сізден кеткен.
Ұрлық іс патшаға лайық па?
Рұқсатсыз неге келдің, не себеппен?» (Ә.Найманбаев, Шығ.).
Бәлкім, саған өшпес жара салдым ба?
(Кешір мені, кетсем сол сәт ұсақтап)
Рұқсатсыз сүйдім сені құшақтап (М.Шаханов, Ғасырлар).