lat: Radıolokasıa
[лат. radiare сәуле шығару, лат. locatio орналастыру] з а т. Әртүрлі объектілер мен нысаналарды радиотехникалық тәсілдер арқылы бақылау мәселелерімен шұғылданатын ғылым мен техниканың саласы.
Сонау қырқыншы жылдары аспанға арнаулы шарзондтар ұшырылып, оларды радиолокация көмегімен бақылап отыру іске асырылған-ды («Білім және еңбек»).
А.И.Иоффе басқарған бір топ ғалым радиолокация аппаратын жасау мәселесін зерттеді («Қазақст. мұғ.»).
Соңғы кезде радиолокация арқылы Шолпанның өз білігінен айналуы он тәулікке тең екені анықталады (М.Құдайқұлов, Ғылым. дін. тур.).