РАНГ

lat: Rang

ат.әск. Арнайы берілетін атақ, әскери дәреже.

Қоғамдық тәртіпті қорғау министрінің орынбасары, ішкі қызметтің III рангтегі генералы П.Ф.Калюта баяндама жасады («Соц. Қаз.»).

Мысалы, теңіз флотында бірінші, екінші р а н г капитаны атақтары бар (ҚҰЭ). Уездің әр түрлі кеңселерінен үлкенді-кішілі рангідегі ақ шағала чиновниктер, бастықтар қонаққа келеді (Ж.Жұмақанов, Соқпақ.).