Мейірімі түсіп, жанашырлық етті. Мен жаралы жолбарыспын, Жұрттың атқан оғы өтіп, Сен есірке, сорлы жаспын, Шын сөзіме рақым етіп (Абай). Білесің, сен зерек, Мен пендеңе Болды деме, Кел, қарас. Ешкім сөгіс Айтпас, Рақым қылсаң, кел ертерек! (Абай). Рақымы түсті басына, Көзден аққан жасына («Алпамыс батыр»). Бұл сөзіне кемпірдің, Енді бала сенеді. Көз жасына жылаған Рақымы келеді («Алпамыс батыр»). Менің рақымшылығым түсіп, сендердің биліктеріңді өздеріңе бердім. Енді менен бұйымдарыңды сұраңдар («Қаз. ертегі»), Сан кісі мұңайсын, Сабырмен шыдайсың, Күйемін, жанамын, Еш рақым қылмайсың (Абай).