Рақымы түсті

lat: Raqymy tústi

Мейірімін төкті, мейірленді, көмегін берді.

Ертеңінде Жұман жүрерде, рақымы түскен кісі болып, өзіміз ішуге алып қалған азырақ астық бас еді. Сонша жерден әдейі жаяу келген соң, сол астықтан азырақ жырмалап берейін. Бірақ бұзауымды дөкейлетіп бересің деп, екі қызыл бұзауға бір пұт астық берді (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Пәлесін өзінің. Сен көпті көргенсің, көпті білесің, сол себепті де ауылыңа жібермеймін. Бәлкім, атаман Дутов тың қосына жеткізгесін, рақымым түсіп жіберермін, әйтпесе, жалпаңнан түсіремін (Қазақтар хақында).