РАЗРЯД

lat: Razrád

зат. сөйл.. Дәреже (белгілі кәсіп, маман иелерінің жұмысқа, қызметке сіңірген еңбегіне байланысты берілетін атақтар).

Кәсіптік-техникалық оқу орындарын бітірген адамдарға берілген өндірістік разрядтар, кластар, категориялар СССР-дің барлық кәсіпорындары, мекеме және ұйымдары үшін міндетті («Қазақст. мект.»).

Жылқышылардың еңбегіне төртінші разряд есебімен ақы төленіп жүр («Соц. Қаз.» ).

Белгілі разряд алып, дербес қызмет істеп жүргендер де бар («Халық мұғ.»).