бедел көрсеткіші (ағылшын сөзі rating – баға) - берілген шкала бойынша құбылыстарды субьективтік түрде бағалау. Танымалдылықтың, қандай да бір тұлғаның беделінің, ұйымның, топтың, олардың қызметінің, бағдарламалардың, жоспарлардың, белгілі бір кезеңдегі саясаттың жекелеген сандық көрсеткіші; қандай да бір дауыс берудің, әлеуметтік сауалнамалардың анкеталардың нәтижесінде шығарылады.