РЕЙТИНГ

lat: Reıtıń

1) (жалпы, саяс.) белгілі бір объектінің маңыздылығын сипаттайтын реттік нөмір немесе сан, мысалы, белгілі қайраткердің (саясат, мәдениет т.б. саласындағы) танымалдық деңгейі. Ол қоғамдық пікір арқылы анықталады; 2) (спорт) ойындардың нәтижелеріне орай өзгеріп отыратын шахматшының жеке сандық көрсеткіші; 3) (білім беру) жоғары оқу орындарында студенттің білімін бағалау тәсілдерінің бірі.