Реформация

lat: Reformasıa

(латынша pesopmare-өзгерту, жөндеу)-Европада 16 ғасырдың 1-жартысында протестактизм негізін салған антифеод. Және антикатоликтік қозғалыс реформация тарихындағы алғашқы, әрі жетілмеген бурж.революция, реформация барысында бурж. ақсүйектердің кейбір топтарымен одақтаса отырып, феод.құрылыстың тіренішіне айналған католиктік шіркеудің үстемдігіне қарсы шықты. Германияда басталған реформация біраз Европа елдерін қамтыды, сөйтіп Англияны, Шотландияны, Данияны, Швецияны, Норвегияны, Нидерландыны, Финляндияны, Швейцарияны, Германияның бір бөлігін, Чехияны, Венгрияны католиктік жүйеден шығуға душар етті. Реформация шіркеудің мәнін төмендетті, арзандатты, қарапайымдатты, демократияландырды, адамның ішкі сенімін діншілдіктің сыртқы көрінісінен жоғары қойды, бурж.моральдің нормаларына діни негізделе берді. Реформация жеңген елдерде шіркеудің билігі құлдырады, ол мемлекеттің тәуелдігіне ұшырады, католиктік елдермен салыстырғанда мұнда ғылымның, жалпы зиялылық мәдениетінің дамуына жеңілдік туды. Жаңа діннің ұлттық сипаты буржуазиялық ұлттардың қалыптасуына сай болды. Реформацияда дворяндық және барсерлік лагерлермен қатар, шаруа плебейлік лагерь де өмір сүрді. Олардың өкілдері дінге ғана емес дворяндыққа, сословиелік теңсіздікке, мүлік теңсіздігіне де қарсы шықты. Мұнда олар ертедегі христиандықтан таралған стангелиялық кейбір қағидаларына жүгінді. Католиктер болса реформацияға контрреформациялық әрекеттер жасады, сол арқылы Авр. Құрлығында протестантизмнің одан әрі белең алуын тоқтатты, тіпті Польша мен Францияда оны жойып жіберді.