Регенерация

lat: Regenerasıaá

зақымдалған жəне жойылған мүшелер мен ұлпалардың организмнің көмегімен қалыптасуы, сонымен қатар тұтас организмнің өзінің беөліктерінен қалыптасуы (соматикалық эмбриогенез, вегетативті көбею). 1712 жылы Р. Реомюр аяқтың қатерлі ісігінің регенерациясын зерттеп, «Регенерация» терминін ұсынды. Регенерация табиғи жағдайда байқалады жəне экспериментальді түрде туындауы мүмкін. Регенерация негізінде қалыпты даму мен дамуға ұқсас заңдылықтар жатыр. Регенерацияға қабілеттілік барлық тірі жанның, сол немесе басқа деңгейде барлық организмге тəн əмбебап құрамы. Жануарларда жəне адамдарда репаративті (алынып тасталынған немесе зақымдалудың нəтижесінде өлген жаңа құрылымдардың түзілуі) жəне физиологиялық регенерация (қалыпты тіршілік ету барысында жойылған есебінен құрылымдардың түзілуі) ажыратамыз. Физиологиялық регенерация кең таралған, мысалы, сүтқоректілер организмдерінде қан клеткаларының жəне кейбір эпителиальді ұлпаларының жаңаруының циклді түрде жүруі. Түрлі топтағы жануарларда регенерация түрлі деңгейлермен көрсетілген. Сол сияқты көптеген төменгі сатыдағы омыртқасыздарда тұтас организмнің регенерациясы кішкене бөлшектен жүруі мүмкін; төменгі сатыдағы омыртқалыларда (қосмекенділерде) тұтас аяққолдар, құйрықтар, көздің түрлі бөлімдері, ішкі органдар жəне ұлпалар қалыптасуы мүмкін, ал сүтқоректілер мен адамдарда регенерация тек жеке ұлпалардан қалыптасады. Түрлі органдар мен ұлпаларда регенерацияда аз дифференциалданған, сол сияқты дифференциалданған клеткалардың қатысатыны белгілі. Регенерацияның қалыпты даму құбылысымен ұқсастығы регенерацияның аз дифференциалдан клеткалардың есебінен жүргенде ғана байқалады. Мысалы, барлық жануарлар мен адамдарда сүйек ұлпасының регенерациясы остеогенді клеткалармен, ал бұлшық ет ұлпасының регенерациясы сателлиттіклеткалармен қамтамасыз етіледі. Төменгі сатыдағы омыртқалыларда регенерация дифференциалданған клеткалардың қайта түзілуі есбінен болуы мүмкін, бірақ бұл жағдайда олардың бастапқы дифференцировкасы қажет. Мысалы, тритондарда көзбұршағы көздің сыртқы мөлдір қабатының бастапқы дифференциалданған клеткасынан, ал көздің ішкі тор қабығы пигментті эпителий клеткаларынан регенерацияланады. Қосмекенділердің аяққолдарының регенерациясының клеткалық көздері туралы сұрақтар шешілмеген; бұл жағдайда регенерацияның аралық деңгейлерінде түзілетін бластемалар құрамына сүйек жəне бұлшық ет ұлпасының дедиференциалданған клеткалар, сонымен қатар дəнекер ұлпаның жəне қанның клеткалық элементтері кіреді деп есептейді. Регенерация құбылысына басқа да үрдістер жарақаттың қабыршақтануы, гипертрофия жəне гиперплазия жақын болып кетеді, бірақ регенерация мен жоғарыда көрсетілген үрдістердің механизмі əр түрлі.