ата–бабаларда орын алатын қазіргі ағзалар белгілерінің эмбриогенезде қайталануы. Жоғары ағзалардың ұрықтық белгілілердің төмен ұйымдастырылған ересек топтар өкілдерінің құрылыстарымен ұқсастығын И.Меккел (1811) анықтаған. Мысалы, жоғары сатыдағы омыртқалылардың онтогенезінде бүйректің бастық (пронефрос), денелік (мезонефрос) жəне жамбастық (метанефрос) ауысуы олардың ата–бабалар филогенезінде мүшелерінің даму реттілігінің қайталануы. Рекапитуляцияны түсіну тек Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің негізінде онто жəне филогенездің белгілі ара қатынасы мүмкін болды. Э. Геккелдің (1866) биогенетикалық заңдар концепциясында эволюцияда онтогенездің түзілу нəтижесі ретінде қарастырылды: онтогенез деңгейінің соңында жаңа деңгейлердің қосылу ұйымдасуының өзгеруінен кейін ересек ата–бабалардың белгілері эмбриональді күйге ауысты жəне ата–бабаларда ұрық сапасы ретінде қайталанып отырды. А.Н. Северцов (1911-39) рекапитуляцияға тек жеке мүшелер үшін (Э. Геккель көрсеткендей, барлық мүшелердің дамуының толық деңгейі үшін емес) олардың эволюциясында анаболия əдісімен қайта түзілу тəн.