lat: Rekvızısıa
[лат. requisitio] зат. экон. 1.Мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделер үшін мүлікті меншік иесінен алу тәсілі. Қазіргі мезгіл елге тегіс ауыр тиген 16-жылдың реквизициясы күшіне әбден келіп, дегенін істетіп жатқан кез болатын (М.Әуезов, Қараш.).
Бандаларды ығыстыру үшін реквизиция жасаймыз деп, мал-мүлкін есепке алуға уезден бұйрық келді (С.Мұқанов, Өмір мект.).
2. Құнын төлей отырып, мемлекеттің немесе қоғамның мүддесі үшін меншік иесінің мүлкін мемлекеттің алып қоюы. Мәселенки, табиғи апат, індет, соғыс т.б. тәрізді төтенше жағдаяттар кезінде азаматтардың, кәсіпорындар мен ұйымдардың азықтүлік өнімдері, киімдері, құрылыстары, көлік құралдары т.б. реквизицияғаұшырауы ықтимал (Заң термин. түс. сөздігі).