Релятивизм

lat: Relátıvızm

(латынша relativus - қатынастылық) адам танымының қатынастылығы, шарттылығы және субъектілі туралы ілім.Релятивизм білімнің қатынастылығын мойындап, танымның объективтілігін жоққа шығарады, біздің білімімізде объективті дүние бейнеленбейді деп есептейді. Мұндай көзқарас Горгияның философиясында айқын байқалды, бірақ оның релятивизмнің диалектика дамуы үшін дұрыс маңызы болған. Тұтас алғанда, релятивизм агностикалық және субъективтік идеалистік жүйелерге тән. Мысалы, релятивизм физикалық идеализмнің гносеологиялық көздерінің бірі болды. Диалектикалық материализм танымның қатынастылығын объективтік ақиқатты бекерге шығару мағынасы тұрғысынан емес, тек танымның әрбір тарихи сатысы өндіргіш күштердің сол кездегі даму деңгейімен және ғылыми деңгейімен шектелуі тұрғысынан мойындайды. Қазіргі шетел философиясында релятивизм объективті тарихи заңдарды жоққа шығару мақсатында көрініп, матералистік философияға қарсы күрес тәсілі ретінде қолданылады.