РЕЛЬЕФ

lat: Relef

зат.[франц.relief] Жер бетінің ой-қыры; кұрлық беті және мұхит түбі бедерлерінің жиынтығы,

Орысша бір-ақ сөзбен е л ь е ф» деп атайды. Біз сол рельефін қарап, шұғыла шолып тұрмыз (Б.Момышұлы, Шығ.).

Мұғалым тау рельефін кескіндейтін макетті нұсқап сөйлеп тұр (А.Жұмаділдин, Сең).

Рельеф– құрлықтың, мұхиттар мен теңіз түбінің тілімденген формаларының жиынтығы, яғни жер бетінің қандай екендігі (тау, жазық, ойпат, таулы үстірт, төбе, қырат, аңғар, жыра т.с.с.) (Физ. геогр. термин. мен ұғымд. сөздігі).