жер бедерін құрайтын құрылымдары тұтастығымен ерекшеленетін табиғи денелер. Күрделілігі бойынша - қарапайым (шағыл, қырат) және күрделі (жота, жазық); сыртқы белгілері бойынша - оң (тау, төбе) және теріс (жыра, ойпат) пішінді; жаратылысы бойынша - тектоникалық, эрозиялық, аккумуляциялық, сырғымалық, эолдық, араласқан және б.; өлшемдері бойынша - микродан макроформаларға дейін болып бөлінеді.