РЕНЕССАНС

lat: Renesans

[франц. renaissance] з а т. м ә д.Қайта өркендеу дәуірі.

Мағжан ренессанс дәуірінің ақыны. Біз көрген ел мен жер, тіпті ақын экологиясын Мақаң топшылағаны болмаса, көзбен көрген жоқ («Қаз. әдеб.»).

Уәлихановтың Орта Азия ренессансы хақындағы кең толғамды пікірлеріне назар аударғанда, Шоқан Фараби идеялары мен ілімдерімен таныс болды деп тұспал жасауға болады (Ж.Бейсебаев, Шоқан ізі.).

Ренессанс дүниетанымы антропоорталықтық сипатта болды. Дүниенің орталық тұлғасы адам, ал Құдай барлық заттардың бастауы Қоғам адамдар өрекетінің нәтижесі (Мәдени-филос. энц. сөзд.).