РЕПАТРИАЦИЯ

lat: Repatrıasıa

азаматтардың (босқындардың, қоныс аударуға мәжбүр болғандардың, эмигранттардың), қандай да бір себептермен уақытша қоныстанғандардың (соғыс, әлеуметтік-ұлттық қақтығыстар), әскери тұтқындардың азаматтығы бар, тұрақты тұратын Атамекеніне қайта оралуы. Репатриация көбіне халықаралық келісімдер негізінде жүргізіледі немесе мемлекеттің өзінің ішкі заңдарына сай да жүргізілуі мүмкін. 1949 ж. соғыс құрбандарын қорғау жөніндегі Женева конвенциясы әскери тұтқындардың еліне қайтарылуын міндеттейді.