lat: Respýblıkalyq búdjet
э к о н. Республика заңымен бекітілетін, түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) есебінен қалыптастырылған және өзіне Республика Конституциясы мен заң актілері жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін Республика Үкіметі белгілейтін республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент республикалық бюджетті және Үкімет пен республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді (ҚР Конституциясы).
Қазақстан Республикасының Үкіметі Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді (ҚР Конституциясы).