Ретикулярлы ұлпа

lat: Retıkýlárly ulpa

торлы ұлпа, дəнекер ұлпасының бір түрі, қан түзуші мүшелердің негізі, бадамшалар, тістің жұмсақ бөлігі, ішектің шырышты қабаты мен т.б. мүшелердің негізгі бөлігіне кіретін ұлпа. Ретикулоциттерден тұрады, бұларға күрделі көмірсулармен қоршалған коллагеннің жіңішке (диам. 0,02-0,04) микрофибриллдерінен тұратын ретикулярлы талшықтар жақын орналасады (коллаген талшықтарына қарағанда, ретикулярлы талшықтар күміспен басқаша боялады, сондықтан да бұрын олар ретикулин деген белоктан тұрады деп санаған). Ретикулярлы клеткаға жоғары фагоцитарлы қабілеті тəн жəне олар ретикулоэндотелиальді жүйеге жатқызылады. Ретикулярлы ұлпа қан түзуші микрокомплекстің (қан клеткаларының көбеюі мен дифференциациясын қамтамасыз ететін микроанатомиялық, гуморальды жəне т.б. факторлар) құрылымдық негізі.