Резус–фактор

lat: Rezýs–faktor

Rhфактор адам эритроциттері мен макакарезус эритроциттерінде болатын антиген. Оны 1940 ж. макакарезус эритроциттерімен иммунизацияланған жануарлардың қан сарысуында К.Ландштейнер анықтаған болатын (атау осыдан пайда болды). Химиялық табиғаты жағынан липопротеид. Тұқым қуалайды, өмір бойы өзгермейді. Еуропоидтарда Резус фактордың кездесу жиілігі 85%, монғолоидтарда 99%. Резус фактордың болуы не болмауына байланысты резустеріс жəне резус оң организмдерді ажыратады. Резустерістерге резусоң қанның құйылуы немесе резусконфликті жүктілік кезінде (анасы резустеріс, баласы резусоң) қиыншылықтар тууы мүмкін (гемотрансфузионды шок, нəрестелердің гемолитикалық ауруы т.б.), бұл Резусфакторға қарсы антиденелердің түзілуімен байланысты. Резусфактор резус жүйесінің негізгі антигендерінің бірі, бұл жүйеге тағы 5 антиген кіреді. Барлық антигендердің түзілуі 2-хромосомаларда орналасқан 3 жұп аллельді гендердің бақылауында болады. Эритроциттерде олар əртүрлі үйлесімділікпен тіркесуі мүмкін (27 фенотип).