Романтикалық мектеп

lat: Romantıkalyq mektep

Романтизмнің бастапқы жетілген көрінісі. Оның гүлденуі Иенде(Германия) әдеби сыншылар Ф. және А. Шлегельдер, К. Шлегель ақындар Л. Тик пен Новалис, философтар Шеллинг пен Шлейермахор арасында тығыз қарым-қатынас орнаған, «Атеней» журналы басылған кезеңіне (1798-1800жж-ға) сәйкес келеді. Романтикалық мектеп ағартушылық романтизмге қарсы шықты, оны сезім табынушылығы мен шығармашылық экстаздың «қайырымсыз сабырлығы» табиғат құпиясын ғалымның мұқият еңбегінен де тереңірек ашады деген ұйғарымға қарсы қойды. Романтиктер шек пен шексіздіктің арасындағы қайшылықты әсерлеушілікті, шексіздікке қол жетпейтініне қамығушы, өзіне танымның қозғаушы күші деп есептейді. Романтикалық мектеп өкілдері үшін шығармашылық, діни қайғыру шексіздікке мүмкіндігінше араластыратын амалдар. Олар феодалдық католиктік дәуірді көксейді, кейбіреулері тіпті қайта жаңғырудың идеологтары болды. Кейінірек романтикалық мектеп Францияда, Польшада, Италияда, Данияда, АҚШ-та ашылды.