Романтикалық социология

lat: Romantıkalyq sosıologıaá

19 ғасырдың ортасында Англия мен Германияда қалыптасқан социологиядағы ағым. Алғашында «Романтикалық» социология өкілдері өркениетті сынады, бурж.демократияны қабылдамады. Олардың пікірінше, адамзаттың тұйықтан шығуының бір-ақ жолы бар, ол-«дүниежүзін жаудан алу». «Романтикалық» социологияның жақтаушылары Ж. Гобинадан басталған нәсілдік теориямен жалғастырды, арийлық тайпалардың ертедегі ерліктеріне табынуды күшейтті, «қара күш заңын», әскери жасақшылар тәртібін орнатуға шақырды, «ең жоғары арийлық нәсілдің» үстемдігін басқа халықтарға таратуды жариялады.