(французша romantisme;лат. romanus-римдік)-Европада 19 ғасырдың басында классицизмді ауыстырған, мәдениеттің түрлі-түрлі салаларын қамтыған идеялық және көркемдік қозғалыс. Романтизм көркемдік әдіс ретінде суретшінің бейнелемек құбылысқа қатысын айқын мәнерлейді, одан өнер шығармалары белгілі көтеріңкілік пен тез әсерленгіш бағытты иемденеді. Романтизм ағымдарының бірі бурж.құрылыстың жеңісіне керітартпа әсер білдіргенімен рев. Және бұқаралық қозғалыстан сескенді. Бұл ағым орта ғасырлық дәстүрді мадақтайтын иллюзияға толы мұраттарды жасаудан көрінді.(Л.Тик, А.Шлегельдер, Новалис, В.А.Жуковский т.б.). Романтизмның басқа негізгі ағымы (Дж.Байрон, В.Гюго,А.Мицкевич, Ш.Петефи, К.Ф. Рылеев, Э. Далакруа, К.П. Брюллов, Ф. Шопен, Г. Берлиоз, Ф.Лист және б.) прогрессивтік бағытты ұстады, саяси реакцияға қарсы қоғамның үлкен тобының наразылығын білдірді. Романтизмнің осы ағымның эстетикалық мұраттары көбінесе утопиялық сипатта, ал романтиктердің бейнелері екі жақтылыққа, іштей трагедияға толы болса да, олар бурж. қоғамның қайшылықтарын, бұқара халықтың өміріне деген ықыласты ұғынды – және олар болашаққа бағытталған болатын.