lat: Romb
зат.1.мат. Төрт жағы бірдей параллелограмм.
Ромбыны екі сыбайлас қабырғалары өзара тең не диагоналдары өзара перпендикуляр болатын, не диагоналдары бұрыштарын қақ бөлетін параллелограммның дербес жағдайы ретінде қарастыруға болады (ҚСЭ).
2. Оқу бітіргендердің белгісі ретінде омырауға тағатын төрт бұрышты қиықша; төсбелгі.
Жайласып отыра бергенімізде жағасына ромб таққан ұзын бойлы кісі кіріп келді («Лен. жас»).
Дененің сүйірлеу келген үш жағында ромб тәріздес орналасқан төрт саңылау жылтырап көрінеді (Бәйшешек).
Ортасынша герб салынған ромб бейнелі значокті кеудеме тағып, кабинеттен шығам (М.Сәрсекеев, Жетінші.).