lat: Ruqsat aldy
а) Рұқсат сұрады.
Мығым денелі жас жігіт қолын созып, жиналыс басқарушыдан рұқсат алды да, орнынан атып тұрды (Б.Қыдырбекұлы, Шығ.).
Шәки жалғыз еді. Взвод командирінен төрт сағатқа рұқсат алып, тоғай аралай шыққан. Қолында жаңа бүршіктеген бұтақ (З.Шүкіров, Сарша тамыз).
ә) Келісімін алды.
Рұқсат алғаннан кейін жамғияттарының устабын тасқа басып, ғазетімізді алдырушыларға тегін тартуға уағда береміз (М.Дулатов, Шығ.).
Екі-үш күн қарайлапты артта қалып, Базарға шұбырсын деп басқа халық, Кішісі Әбдісұлтан жүрмек болды, Ол-дағы атасынан рұқсат алып (Базар жырау, Шығ.).
Еркек киімін киіп, дарбазаның алдында тұрып келген-кеткенді сынап, сынынан өткен жанға тиемін деп атасынан рұқсат алған екен (Шешендік сөздер).
Енді ауылға барып, үй ішінен рұқсат алып, пұл қамдап, тез уақытта кайта оралмақ боп, елге қайтты (М.Әуезов, Шығ.).
б) ресми. Қандай да бір ic-қимыл, әрекетті жүзеге асыру үшін mиіcmi ресми орындардан жазба түрде келісім алу.
Тоғайдың егістікке сұғына кіріп, кертпештеніп тұрған жерінің ағаштарын тамырымен қопарып тастауға ауданнан рұқсат алдық (М.Гумеров, Хазірет.).
Шаһар мекемесі рұқсат алса да, дәл осы кезде көлденең көмексіз, әсіресе қазақ халқынан жәрдем болмаса, гимназияны ашып жіберуге жалғыз шаһардың өзіне өте ауыр (М.Дулатов, Шығ.).
Бұл уакиғаны тереңірек түсіну үшін мен Қазақстан жоғарғы Сотының коллегиясына арыз бердім де, сот мәжілісіне қоғамдық айыптаушы боп қатынасуға рұқсат алдым (С.Мұқанов, Есею жыл.).