Рұқсат етті

lat: Ruqsat etti

Келісім берді. Р ұ қ с а т е т с е ң, әлеумет! Тынығып біраз көрейін. Дем алып тағы сөйлейін, Сөйлеттің неге демейін (Жамбыл, Туған елім.). Мінгесіп күрең атпен жүре алмаймын, Жабымен жау жолына кіре алмаймын. Онан да р ұ қ с а т е т маған, жаным, Қосылып сірә дәурен сүре алмайтын (Н. Ахметбеков, Жасауыл.).