СӘУІР

lat: SÁÝİR

зат. Көктемнің екінші айы; көкек . Сәуір туды, жас жігіт бұйығы әлі, Қатал қыс әлі әмірін бұйырады. Төрінен көрі жуық науқас шалдың Қолына су құяды, қиылады (2,122). Есімде жылқы баққан күн, Сәуірде нұрға шомылып, Мұздағын сордым ақпанның, Есімде жылқы баққан түн, Арасын кеулеп ақ қардың, Далада талай жатқанмын (2,200).