Сәулелен етістігінің қимыл атауы. 1. Сәуленің шағылысуы. Заттың бізге немесе басқа нәрселерге қарап тұрған беталысы - көздің торлы қабығында с ә у л е л е н у м е н бірге, дене қозғалысының жағдайына да байланысты (К.Жарықбаев, Психология). 2. м е д. Ионданған сәулелердің зиянды әсеріне шалдығу. Бірінші дәрежелі қатты сәулелену ауруында с ә у л е л е н у д і ң алғашқы реакциясы мүлде көрінбейді немесе әлсіз байқалады (Қаз. тілі термин. Әскери.). Өте ауыр дәрежелі (4-ші) с ә у л е л е н у д е аурудың жасырын кезеңі болмайды. Бірден аурудың белгілері біліне бастайды, асқазан мен ішек қызметі және қан айналым бұзылады. Аурудың 2-ші аптасында науқастың өлуі мүмкін (Қаз. тілі термин. Әскери.). Рентген Х сәулесін ашқаннан кейін с ә у л е л е н у салдарынан теріде өзгерістер болғанын бірнеше ай өткенде байқаған (С.Сұбханбердин, Дәрі - дауа.). 3. ф и з. Т ірі ағзаларға сәуле шығарудың кез келген түрімен әсер ету. С ә у л е л е н у инфрақызыл сәуле шығару (жылулық С.), көрінетін сәуле шығару, күннің ультракүлгін сәуле шығаруы, ғарыштық сәулелермен табиғи және жасанды иондайтын сәуле шығару арқылы жүзеге асады (Қаз. тілі термин. Экология). С ә у л е л е н у д і ң биологиялық әсері оның мөлшеріне, организмнің түріне, физиологиялық күйіне байланысты болады (Қаз. тілі термин. Экология).