СӘУЛЕТ

lat: SÁÝLET

(пар. саулат صولة)   

1. Айбындылық, күш, қуат.

2. Ауысп. Салтанат, көрік.

Он бір қыз өтті сәулетпен, Бәрі де қалды жарамай («Қисса Қыз Жібектің хикаясы». Бабалар сөзі. 53-том. 2009. 100 томдық).

Сәнді-сәулет сәнді көрініс.

Бұлардың сәнді-сәулет порымына, Бәрі де көрген жанның қайран қалды («Қисса Шеризат Күлшат». Бабалар сөзі. 18-том. 2005. 100 томдық).

Сәулетші архитектор.