з а т. 1. Қуат, күш, айбындылық. Батыр - елдің с ә у л е т і, Балқұрақ - көлдің сәулеті (Мақал). Дәулет, с ә у л е т, сән-салтанат бәрі сай. Күйлі, нұрлы, туған елім - кең сарай. Шалқы - дария, жүрек күйге шомыласың. Айдын көлде жүзген ерке аққудай (Қ.Аманжолов, Өлеңд.). Кешегі қайран с ә у л е т і ң, Толықсыған дәулетің, Кең несібе нәубетің, Береке, бірлік, ұйытқылы Басыңнан кетіп жүйіткіді (Дулат Бабатайұлы, Замана.). Шөгеді бәрі, Шөгеді бәрі, Шөгеді. Шағылдар анау - кешегі шалғын шөп еді. С ә у л е т і ң д і де, Дәулетіңді де көрген жұрт Шылыммен қоса азабыңды да шегеді (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан). 2. Сән-салтанат, көрік, безендірілген бағалы сәнділік. Тұрмыс жаман болмағанымен, менің үйімдегідей с ә у л е т, молшылық оларда жоқ (Ө.Қанахин, Жер. бас.). Үш этажды үлкен ақ үй Гагарин поселкасына сән-салтанат, с ә у л е т беріп тұрғандай (Ж.Қожабергенов, Құрылысшы.). 3. Жарасым, келісті көріктілік, салтанаттылық, сырбаздық. Кіргізді Гүлғасылды қаласына, Қасына мың жария нөкер еріп. Жүрісті ханышалар с ә у л е т п е н е н, Айта алмай тамашаның бәрін теріп (Ә.Найманбаев, Шығ.). Ол сыпайы ат мініп, оқалы тон киіп, аста, тойда с ә у л е т п е н жүрді (К.Әзірбаев, Аңыз.). 4. қ ұ р <лат. architectures> Адамдардың өмірі мен тіршілік қарекетіне қажетті материалдық тұрғыда ұйымдастырылған орта құрайтын ғимараттар мен басқа да құрылыстар; арналу мақсатына, қоғамның техникалық мүмкіндіктері мен эстетикалық көзқарас-талғамдарына сай келетіндей ғимараттар мен олардың кешендерін жобалау және салу өнері. Батыс Қазақстандағы шағын пішінді с ә у л е т үлгілерінің ішінде ерекше назар аудартатыны - бірегей өңделген құлпытастар, атап айтқанда, тұғыр-тағандары бар түрлері (Р.Бекназаров, Қаз. тас қашау өнері). Өз бетінше құрылыс салып жатқан, қала құрылысы тәртібін, с ә у л е т саласы бойынша қолданылып жүрген заңнаманы бұзған тұлғаларды жауапкершілікке тартуға тиісті мемлекеттік органдарға ұсыныс енгізілді («Алаш айнасы»). С ә у л е т құрылысының негізіне қазақтың классикалық мұрасы алынған. Республика Сарайы - Республиканың ең басты концерт алаңы. Сәулеті ерекше әсем, құрылыстар, гүлзарлар мен фонтандар, Абай ескерткіші топтасқан бұл ғимарат - қала тұрғындарының демалатын орнына да айналған («Ана тілі»). 5. Көзтартар әсемдік, еліктірер қызық, думан, таңсық дүние. Қаланың с ә у л е т і н е қызықпады, Кеш жатып, ерте тұрып, аз ұйықтады. Сабағын жаттауға да бейім болып, Бойына жалқаулықты жуытпады (О.Шипин, Дастан.). Бұ Қарқаралы көрмеген с ә у л е т қой ... - десіп, Бурахат, Төленберділер де сүйсіне сөйледі... (М.Әуезов, Абай жолы). Мал-дүние, бақ-дәреже - жалған с ә у л е т. «Өмірге тойдым» деген ешбір жан жоқ, Кеңшілік - аларманы, берсе мәулет (О.Шораяқов, Шайыр).