Сәйкес етістігінің қимыл атауы; талапқа, үлгіге сай келу. Әртүрлі жұқпалы аурулардан сақтану, денсаулық ережелеріне толық с ә й к е с у [...] зиянды әрекеттерден қорғану да өзімізге байланысты міндеттерімізден болады (Ислам энцикл.). Осылайша, қалыптасқан стандартқа орай кейбір елдердің заңнамаларына с ә й к е с у керек («Ана тілі»). Бұл конкурстың ең басты өлшемі - ғылыми жұмыстың қоғамның қазіргі талаптарына, мұқтаждықтарына жауап бере алуына, с ә й к е с у, сәйкеспеуіне байланысты ғылыми зерттеудің маңыздылығы, деңгейі, қойылып отырған мәселенің өзектілігі басты назарда болады («Ана тілі»).