СӘЙКЕС

lat: SÁIKES

е т. 1. Сай түсу, үйлесе кету. Біз бұрын бірімізді біріміз білмейтінімізге қарай әңгімеміз бірден с ә й к е с е кеткенін аңғармай да қалыппыз («Қаз. әдеб.»). 2. Үндесу, бағыттас, сарындас болу. Мақсатты көрсеткіштер өте жақсы қол жеткізілген және көптеген салалар мақсатқа с ә й к е с е д і («Алтын Орда»). 3. Бір- бірімен бірдей болу, бір-біріне дөп келу. Атаулар с ә й к е с і п қалған жағдайда Сізге қалауыңызға сай топтың атауына оның нөмірінің соңғы төрт таңбасын қосу ұсынылады (мысалы, «footbal1234»; егер мұндай комбинация да бос болмаса, еркін комбинация құрайтын кез келген 4 сан ұсынылады («Алматы ақшамы»). 4. Қандай да бір үлгіге, талапқа сай болу, соған жауап беру. Осы үлгімен қазір толығымен құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қысқартқанымыз тек олимпиада қалашықтары мен баспасөз орталықтары, бірақ қонақүйлер стандарттарға с ә й к е с е д і («Алматы ақшамы»).