с ы н. Бір нәрсенің ыңғай-ретіне сай, сонымен үйлес, жымдас. Поэзияның әлеуметтік мәні өсумен бірге, мазмұны тереңдеумен бірге, түріне қойылар талаптар да өз дәуіріне с ә й к е с болатынын ешбір ақын-жазушы ұмытпауы тиіс (Ғ.Мүсірепов, Суреткер.). Мынадай көк жасыл жібек гүл-бәйшешекке бөленген даланың мал дәрігерлерінің халаттары жер түсіне с ә й к е с көк болады (Ө.Тұрманжанов, Адам.). Мадияр жақсы жоралғыға, жаңа дәстүрге с ә й к е с бір айқын мысалды өлең-жырдай келістіріп, нәшіне келтіріп айтты (С.Омаров, Өмір.). Тұрақты, бір жерге орналасқан тақталардың болуы – сол аудандардағы жартылай отырықшы және көшпенді халықтың жайлау-қыстау жағдайларына с ә й к е с болса керек (Р.Бекназаров, Қазақтың дәстүрлі тас қашау өнері). Ақылыңа, жасыңа Ізде адамның с ә й к е с і н! Бәрін тіле қасыңа, Өлім тілеп қайтесің! (Қ. Мырзалиев, Мәңгі майдан).