е т. Ыңғай, жөнге сай келтіру, лайықты ету, үйлестіру. Ертең - жаттама білімін іске асырам деп жүргенде, не уақыт өткізіп ап, не өмірге с ә й к е с т і р е алмай қалса, ұяты кімге келмек (З.Шашкин, Сенім). Осы елдің осы секілді әлсіз мінездерін өзіміздің саяхатымызға с ә й к е с т і р е білсек болды да (А.Сатаев, Дала.). Адам баласы дербес немесе қоғамдық өмірінде кейбір ауыртпашылықтарға, сәтсіздіктерге, ауру-сырқауларға душар болса, басқаша айтқанда, бұл дүниеде түрлі бейнеттерге тап болса, бұның себебі тіршілік және бет алыстарды ахлақи қағидаларға с ә й к е с т і р м е г е н д і к т е р і болып табылады (Ислам энцикл.).