СӘЙКЕСТЕНДІРУ

lat: SÁIKESTENDİRÝ

Сәйкестендір етістігінің қимыл атауы. 1. Үйлестіру, лайықтандыру. Сәкен - түр іздегенде, сол түрді алып отырған мазмұнына с ә й к е с т е н д і р у г е тырысатын адам (С.Мұқанов, Өсу жол.). Күріш өсірудің тәжірибесін ғылым айтқан негізге с ә й к е с т е н д і р у керек деген сөзді біздің ауылда тұңғыш рет Мұстафа айтты (Ы.Жақаев, Менің бақытым). Жаңашылдық дегеніміз не нәрсені болсын, осы заманғы нормалар мен стандарттарға с ә й к е с т е н д і р у болып шығады (Н.Ә.Назарбаев, Ғасырлар тоғ.). Жаңадан салынған заң органдарының басты міндеттерінің бірі, біріншіден, қолданылып жүрген заңдарды 1995 жылғы Конституцияға с ә й к е с т е н д і р у, екіншіден, бұрын құқық нормаларымен реттелмеген немесе құқықтық жаңа шешімдерді талап ететін қоғамдық қатынастардың кең ауқымы бойынша жаңа заңдарды қабылдау болатын («Егемен Қазақстан»). 2. х и м. <лат. udentikus> Белгісіз бір қосылыстың басқа белгілі бір қосылыспен ұқсастығын анықтау. С ә й к е с т е н д і р у үшін екі заттың физика-химиялық константаларын, қасиеттерін және қатысатын реакцияларын салыстырады (Қаз. тілі термин. Химия).