lat: SÁIKESTENDİRÝ BELGİLERİ
белгілі бір әдіспен тауарларды, заттарды, көлік құралдары мен кеден құжаттарын қайтадан тани алатын кеден мекемесі кедендік қамтамасыз ету құралдарының атауы немесе таңбасы.
Сәйкестендiру белгілері ретінде тауарлар мен көлiк құралдарын, үй-жайлар мен басқа жерлерді кедендік қамтамасыз ету үшін қолданылатын айырымдық пломбалар, мөрлер және штемпель бедерлері, суреттер, сипаттамалар және т.б. пайдаланылуы мүмкін.