с ы н.  Азғана, шамалы, болмашы.  Менің де енді  с ә л  шыдарлық шыдамым қалды. Не жүрегімді суырып ал, болмаса оны бер маған (М.Жұмабаев, Шығ.). Сапар бұл сөзін қаншама нық айттым десе де, даусы  с ә л  дірілдеп, солғын шықты (М.Иманжанов, Менің махабб.). Шақырусыз келген Әлібекке бата алмай, зығыры қайнаған Нұртаза айылын жиып,  с ә л  баяуласа да, тізгінін тартпады (С.Жүнісов, Ақан сері). Шипалы бал - өң, үнің, Гүлдікіндей беделің.  С ә л  жымисаң, көңілім Көктеп шыға келеді (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).